Шахматтан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік шахмат Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында ел құрамасы күміс медаль жеңіп алған. Президент Қазақстанның әйелдер құрамасын желідегі парақшасында құттықтады.
”Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін!” - деп жазды мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.
45-ші шахмат Олимпиадасының шешуші турында Қазақстанның әйелдер құрамасы АҚШ командасымен бақ сынасты. Будапештте өткен жарыста қазақстандықтар 18 ұпай жинап, алғаш рет Олимпиада жүлдегері атанып отыр.
Ұлттық құрама намысын Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман, Амина Қайырбекова қорғады.
Жарысқа барлығы 188 елдің командасы қатысқан болатын.