V дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Шығын мен кіріс қанша?

300
Adyrna.kz Telegram
Фото: world nomad games
Фото: world nomad games
Елімізде 1-13 қыркүйек аралығында көшпенділер ойындары өтіп, шетелден 597 мың турист келді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы туризм және спорт министрлігіне сілтеп.
68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген.
"Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге). Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ доллары. Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі: 625 000 АҚШ доллары", - делінген министрлік келтірген мәліметте.

Ал Астанада өткен ойындарға мемлекеттік бюджеттен 5,7 миллиард теңге жұмсалған.

Алғашында билік шамамен 7 миллиард теңге жұмсамақ болған, бірақ су тасқыны салдарынан бюджет қысқартылды.

Ең көп туристер Қытайдан (33 мыңнан астам), Үндістаннан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы жүлде қоры 253 миллион теңгені құрады.

Пікірлер