АҚШ Қазақстанмен жер учаскесін жалға алу туралы келісім жасасты

1131
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

АҚШ Қазақстан Үкіметімен жер учаскесін алуға келісім жасасқаны мәлім болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ мәліметінше, Алматы қаласынан 49 жылға жерді жалға алу жобасы мақұлданған.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын», – делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында.

Келісім жобасына сәйкес Қазақстан Үкіметі АҚШ Үкіметіне Жамақаева көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесін жалға береді. Учаске ауданы – 70 593 шаршы метр.

«Бастапқы 49 жылдық жалдау мерзімі және барлық кейінгі 49 жылдық жаңарту кезеңдері үшін жерді жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына шектеусіз) $25 301 016 құрайды және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлеммен төленеді», – делінген келісім жобасында.

АҚШ пен Қазақстан экономикалық тұрғыдан серіктес елдер. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан АҚШ-қа жіберілген тауар көлемі 888,8 миллион долларға жеткені хабарланды.

Пікірлер