Жағдайы ауыр. Атырауда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

1260
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c
Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде үш жасар бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Ақпаратқа сүйенсек, қараусыз қалған бала 2-қабаттан құлаған. Дәрігерлер баланың жағдайы ауыр екенін айтты. "Оқыс оқиға 16 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында болды. Бала алты қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кеткен. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған. 2021 жылы туған бала Атырау облыстық балалар ауруханасына жатқызылды", -  деді облыстық ТЖ департаментінің баспасөз хатшысы Фаруза Қайроллина.
Комментарии