«Суицид жасамақ болған». Арыста әскери қызметкер өз-өзіне оқ атқан

785
Adyrna.kz Telegram

Қорғаныс министрлігінің Арыс қаласындағы әскери бөлімінде келісімшартпен жұмыс істейтін ефрейтор өз басынан өзі атып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты редакцияға қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дереккөзге сүйенсек, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

«2024 жылдың 16 қыркүйегінде тәуліктік кезекшілікке түскен әскери қызметші  мылтықты алып, өз басына өзі оқ атқан. Ол келісімшартпен жұмыс істейтін әскери адам. Алдын ала ақпарат бойынша, ол отбасындағы жанжалға байланысты суицид жасамақ болған. Қазір ол аудандық ауруханада жатыр», - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Еске салсақ, бұған дейін Жезқазғанда әскери бөлім офицері өзін кездейсоқ атып алған болатын.

Пікірлер