Ақмола облысының Целиноград ауданында үшінші жайлы мектеп ашылды

676
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы белсенді жүзеге асырылуда. Бүгін Қараөткел ауылының 1500 оқушысы үшін ІT бағытындағы тағы бір мектеп есігін айқара ашты. Естеріңізге сала кетейік, бұл Целиноград ауданында оқу жылының басынан бері ашылған үшінші жайлы мектеп.

Мектеп жайлылық пен қауіпсіздіктің барлық заманауи талаптарына сай келеді. Білім ордасында қосымша білім беру сабақтарын өткізуге арналған кабинеттер, хореографиядан робототехникаға дейінгі әртүрлі үйірмелер бар, қауіпсіздік камералары мен дабыл түймелері орнатылған.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ауылға арнайы келіп, оқушыларды мектептің ашылуымен құттықтады.

«Жайлы мектеп» жобасы мектептерде орын тапшылығы мәселесін шешеді, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы жағдай жасайды, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтады. Өскелең ұрпақтың үйлесімді және бақытты балалық шағы – жалпыұлттық міндет», - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Жаңа білім беру нысанының ашылуымен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха да құттықтады.

«Өткен жылы біздің кішкентай әрі жас ауылымызда елорда мектептерінен еш кем түспейтін осындай заманауи және әдемі мектеп ашылатынын ойламаған едік. Немеремнің осындай мектепте оқитынына қуаныштымын», - деп бөлісті ауыл тұрғыны Гүлнұр Аманова.

Мұнда қонақтарға тұңғыш ашылған жас жол инспекторларының кабинеті, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл және «Біртұтас тәрбие» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ашылған «СКУД», «Alaqan» мектептердің қауіпсіздік жүйелері таныстырылды. Мұндай сыныптың ашылуы ең алдымен патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге, мектеп ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оған қоса мамандық таңдауға көмектесуге бағытталған.

Айта кетейік, Ақмола облысында жыл соңына дейін 10 мектеп, оның ішінде 6 жайлы мектеп ашу жоспарлануда.

Пікірлер