27 млн теңге жымқырған қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

479
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

27 миллион теңге ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандық әйел Түркиядан экстрадицияланды. Бұл туралы бүгін, 16 қыркүйекте Бас прокуратураның баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Күдіктіні қолға түсіруге Интерпол мен Түркиядағы Қазақстан елшілігі көмек берген.

«Әйел 2022-2023 жылдар аралығында Алматы қаласындағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшаны заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, оған халықаралық іздеуге жарияланған», - деп жазады прокуратура.

2024 жылдың тамыз айында әйел Түркияда ұсталып, кейін қазақстандық құқық қорғау қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір ол Астанадағы тергеу абақтысында. Ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып,  мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Пікірлер