Алматыда «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өтеді

883
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (OIC) жанындағы Ислам тарихы, өнері мен мәдениетін зерттеу орталығы (IRCICA), Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бірлесіп, «Алтын Орда және оның мұрагерлерінің арабжазулы эпиграфикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар өткізеді.

Бұл ғылыми семинар «Алтын Ордадан кейінгі қоғамның дәстүрі мен мәдениетіндегі сабақтастық пен өзгерістер (Батыс Қазақстан, Еділ-Орал, Дағыстан, Хорезм аймақтарындағы эпиграфикалық ескерткіштерді салыстырмалы зерттеу)» атты жобаны жүзеге асыруда атқарылып жатқан басты іс-шаралардың бірі болмақ.

Семинар барысында мынадай тақырыптар талқыланады:

  • Алтын Орда өркениеті орналасқан тарихи аймақтардың эпиграфикасы: жаңа олжалар және олардың интерпретациясы; 
  • Қазақстанның эпиграфикалық ескерткіштерін көршілес мемлекеттердегі арабжазулы жәдігерлермен салғастырмалы-салыстырмалы зерттеу;
  • Алтын Орда өркениеті тарихи аймақтарының дамуы және мәдени дәстүрлердің тұрақты түрлерінің қалыптасуы. 

Семинар үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және офлайн / онлайн форматтарында жүргізіледі.  

Семинар жұмысы барысында Институт қызметкерлері жарыққа шығарған «Абат-Байтақ» қорымының арабжазулы эпиграфикалық ескерткіштері» және  «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. «Рисала-йи жанайиз (Жаназа кітабы)» кітаптарының таныстырылымы өтеді.

Ғылыми семинарға шығыс эпиграфиясын зерттеуші жетекші отандық маман-ғалымдар:  С.Е. Әжіғали, Ә.Қ. Мүминов, Н.А. Құлбаев, А.Ш. Нұрманова, Б.Д. Дүйсенов және т.б.  қатысады.

Шетелден шақырылған баяндамашылар, яғни эпиграфиялық ескерткіштерді зерттеуші мамандар: Зайцев И.В. (Мәскеу, Ресей), Бабаджанов Б.М. (Ташкент, Өзбекстан), Закаряев З.Ш. (Махачкала, Дағыстан, Ресей), Осман Кабадайы (Кыршехир, Түркия), Алидост Ертуғрул (IRCICA), Гайнутдинов А.М. (Қазан, Татарстан, Ресей), Бобровников В.О. (Москва, Ресей), Ярлыкапов А.А. (Москва, Ресей) және т.б. қатысады. 

Семинар жұмысын онлайн форматта zoom арқылы қатысып, көруге болады:

https://us06web.zoom.us/j/82697669822?pwd=PuMJSjziVtvlVOPs8pvBQfUTbR7haw.1

Пікірлер