Тағы да улану. Маңғыстауда 16 оқушы іш ауруы шағымымен ауруханаға түскен

560
Adyrna.kz Telegram
Сурет: rutual.ru
Сурет: rutual.ru

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектепте 16 бала уланды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 12 қыркүйек күні кешке шамамен 7-де Ж. Қалдығараев атындағы мектептің 16 оқушысы іш ауруы шағымымен аудандық жедел жәрдем бөлімшесіне жүгінген.

«Қабылдау бөлімінде оларға ауыз арқылы регидратация және инфузиялық терапия жүргізілді. 12 қыркүйек күні сағат 21:43-тегі жағдай бойынша барлық балалар үйге жіберілді. Оқушылардың жағдайы тұрақты. Бүгін балалардың бәрі мектепте»,  делінген хабарламада.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, дәрігерлер балалардың судан уланғанын болжап отыр. Маманадар мектеп асханасынан үлгілер алып сараптамаға жіберді.

Еске салсақ, жақында Маңғыстау облысы Босшоқы ауылында  400 оқушы уланған болатын.

Пікірлер