Ербаян Мұхтардың жағдайы. Ұлттық ұлан дәрігерлерге сілтеді

849
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media.kz
Фото: kursiv.media.kz

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов Ербаян Мұхтардың жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әскерде алған жарақатынан 6 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың жағдайы елді алаңдатты.

Қайрат Үмбетов сарбаздың қазіргі жағдайы әскерде алған жарақатына байланысты еместігін айтады.

"Ербаян Мұхтаров Ұлттық ұланда қызмет ету кезінде түнгі екіде оянып, құлап, жарақат алған. Оның қазіргі жағдайы құлаудың салдары емес. Емделу кезінде сарбаз жұқпалы ауруға шалдыққан. Өкінішке қарай, емделу кезінде өкпесі пневмониямен, сондай-ақ қосымша ірің бөлінуімен гайморитпен ауырған. Дәрігерлер ота жасауды ұйғарған, отадан кейін сарбаз осындай күйге түсті", — деді Қайрат Үмбетов.

Айта кетейік, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген кезінде ми жарақатын алып, содан кейін комаға түскен.

Пікірлер