Елімізде зейнетақы мөлшері қанша пайызға өседі?

668
Adyrna.kz Telegram
фото: aikyn.kz
фото: aikyn.kz
2025 жылы зейнетақының ең төменгі мөлшері 95 131 теңге, ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге болатыны мәлім болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы толық мәліметті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі берді.

Әлеуметтік кодекстің 197-бабына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жыл сайын арттыру республикалық бюджет туралы заңда жылына белгіленген тиісті қаржы мөлшерінде жүзеге асырылады.

"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерін 8,5 пайызға арттыру жоспарланған; базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты артатын болады.

Алдағы өсім барлық 2,4 миллион зейнеткерге қатысты болатыны да хабарланды.

"2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы шеңберінде 2025 жылы зейнетақы төлемдеріне 4 231,3 миллиард теңге, оның ішінде жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне – 2 867,7 миллиард теңге, базалық зейнетақыға – 1 363,6 миллиард теңге көзделген", - деп толықтырды министрлік.

Пікірлер