Бүгін - қазақ киносының күні

977
Adyrna.kz Telegram
Фото: adebiportal.kz
Фото: adebiportal.kz

1941 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы қаласында Қазақ КСР ХКК қаулысы негізінде фильмдердің түсірілімімен Көркем және деректі фильмдер студиясы айналыса бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ал уақыт өте келе, 1941 жылы Қазақ КСР-нің Халық комиссарлары кеңесінің №762 қаулысына сәйкес Алматы киностудиясы құрылып, 1960 жылы атауы «Қазақфильм» болып ауыстырылды.

1984 жылы «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты беріліп, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы болды.

Қазақстан кинематографистері одағының басшысы Бауыржан Нөгербеков 2005 жылы "12 қыркүйек - Қазақ киносының күні" деп атауды ұсынып, атаулы дата бекітілді.

Алғашқы қазақ киносы ретінде баршаға танымал «Амангелді» фильмі саналады. Тарихи фильм Амангелді Имановқа бағытталып, «Ленфильм» студиясы картинаны түсірді. Режиссері - Марк Левин болса, Амангелді батырдың рөлін актер Елубай Өмірзақов ойнады.

Осылайша, қазақтар туралы түсірілген алғашқы фильм дүниеге келді.

Пікірлер