«Мерейлі отбасы – 2024»: Хамзиндер отбасы Ұлттық байқаудың лауреаты атанды

662
Adyrna.kz Telegram

Отбасы күніне орай Астана қаласында өткен республикалық «Мерейлі отбасы - 2024» ұлттық байқауына Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап барған Хамзиндер отбасы ұлттық конкурстың лауреаты атанып 1 млн.тг. жүлде қорына ие болды. Сонымен қатар, облыстық байқау кезеңінің жеңімпазы атанып 1 млн.тг. сертификатына ие болды.

Хамзиндер отбасы ұлттық құндылық пен бірлікті дәріптейтін үлгілі отбасы.
Биыл Батыс Қазақстан облысында конкурсқа 200 астам отбасы өтініш білдірсе, өңірлер бойынша 3000 астам отбасы қатысқан.
Отбасы күні мерекесінің басты мәні - ұлттық дәстүрлі құндылықтарды еске түсіру, бір-бірімізге қамқорлық жасау және отбасында жылулық пен сүйіспеншілікті сақтау.
Отбасының береке-бірлігі мен дәстүрлі құндылықтарын нығайту – Мемлекет басшысы белгілеген мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Президенттің Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, отбасы институтын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Пікірлер