Президент Тоқаев Түркияның Ұлттық қорғаныс министрін қабылдады

639
Adyrna.kz Telegram
фото: Ақорда баспасөз қызметі
фото: Ақорда баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп.

“Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады” делінген хабарламада.

Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды. 

 

Пікірлер