Президент Тоқаев Түркияның Ұлттық қорғаныс министрін қабылдады

2288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_7654.jpeg
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлерді қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп. “Яшар Гюлер атажұртта көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, Түркияның Қазақстанмен өзара сенім және қолдау рухындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады” делінген хабарламада. Ол еліміздің бірқатар өңірлік және халықаралық түйткілді шешуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады. Сонымен қатар әңгімелесу барысында екі елдің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселесі қарастырылды.   
评论