Қарағандылық сарбаздар алғысқа бөленді

1830
Adyrna.kz Telegram
фото: ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі
фото: ҚР ІІМ ҰҰ «Орталық» ӨңҚ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінің әскери қызметкершілері Астанада өтіп жатқан ауқымды шара кезіндегі қызмет барысында қырағылық танытты.

9 қыркүйек күні ефрейтор Дінмұхаммед Сайлау өзінің серіктестері Азамат Қизатұлы және Дінмұхаммет Әбдіғамитпен бірге Елорда көшелерінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге шығады.

Сағат кешкі 20.20 кезінде оларға 10 жас шамасындағы бала келіп, көмек сұрайды. Оның айтуынша, мектептен шыққан соң  басқа бағытқа қарай жүріп, адасып қалған. Әскери жасақ мүшелері бірлесе әрекет ету арқылы, бірден баланың ата-анасын іздеуге кіріседі. Арада шамамен 15 минуттай уақыт өткенде, оқушының анасы табылды.

Баласымен есен-сау қауышқан ана Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді.

Пікірлер