Қырғызстанда шенеуніктердің жалақысын көтеруге тыйым салынды

1086
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/img_8843.jpeg

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров шенеуніктердің айлығын көтеруге тыйым салды. Мораторий 2026 жылға дейін созылады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Тиісті құжат үкіметтік «Эркин-Тоо» газетінде жарияланды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шешім мемлекеттік бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында қабылданған. Атап айтсақ, мемлекеттік ведомство, комитеттер, президенттің өңірлердегі уәкілетті өкілдіктері, сондай-ақ жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің жалақы мөлшерін көбейтуге болмайды. Одан бөлек, мемлекеттік органдардың штат санын кеңейтуге де рұқсат жоқ.

Айта кетейік, құжатта мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын, сондай-ақ штат құрылымын өзгерту ерекше жағдайларда президенттің жеке шешімімен мүмкін болатыны көрсетілген.

Комментарии