Кездеспей кеткен бір бейне. Экс-президент Назарбаев Өзбекстанда көп көзіне бір көрінді

4853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-08-at-11.37.11.jpeg
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға барды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Экс-президент елдің тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барған. Ал сапар барысында Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген. Бұрынғы президент Назарбаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті. Еске сала кетейік, бұған дейін экс-басшы БАӘ жүргенінде көзге түскен еді.
Комментарии