«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы: Ақмола облысында жаңа медициналық ұйымдардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр

575
Adyrna.kz Telegram

Мысалы, Целиноград ауданында ұлттық жоба аясында 16 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемесін салу жоспарланған. Бұл нысандарды ашу күннен күнге тез дамып келе жатқан елордалық аймақтың тұрғындарына өз елді мекендерінен тыс жерлерге шықпай-ақ сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік береді.

Аудан әкімдігінен атап өткендей, жақын арада Мәншүк, Қараменді батыр, Раздольное, Өтеміс ауылдарының тұрғындары алысқа бармай ақ, медициналық көмек ала алады. Мердігерлер жұмыстың 35-45 пайызын орындады: қабырғаларды қалау, ішкі қабырғаларды сылау жұмыстары аяқталды, парапеттер мен желдету шахталарын орнату басталды, шатырды орнатуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, Целиноград ауданында Нұресіл, Арайлы, Ынтымақ, Приречное, Оразақ, Төнкеріс, Жаңғызқұдық ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылысы қарқын алған. Кейбір құрылыс алаңдарында шұңқырларды қазу және қайта толтыру, құрылысқа негізді тегістеу жұмыстары жүргізілуде, басқаларында арматурасы бар ғимараттардың іргетастары орнатылды, кәріз және су құбырлары төселді, сыртқы және ішкі инженерлік желілерді орнату жұмыстары басталды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, биыл барлығы 11 нысанды тапсыру жоспарлануда.

Зеренді ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша тағы бірнеше медициналық ұйымдар салынуда. Айдабол ауылында құрылысшылар жаңа дәрігерлік амбулатория салып жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, жоба бойынша науқастарды қабылдауға арналған үш мамандандырылған үй-жай орналасқан бір қабатты ғимарат салуды қарастырылған. Инженерлік желілерді амбулаторияға жеткізу үшін қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.

«Жаңа нысандар ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз», – деп атап өтті аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ал Зеренді ауданы Мәлік Ғабдуллин ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды. Сонымен қатар инженерлік желілерді салуға тендер өткізіледі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, қазір құрылыс алаңында жер телімін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 360 шаршы метрлік бір қабатты ФАП ғимаратында фельдшерлік кабинет, зертханалар және басқа да үй-жайлар болады. Жаңа ғимаратта бес жүзге жуық ауыл тұрғындары барлық қажетті қызметтерді, соның ішінде физиотерапияны ала алады.

«Бұл шаралардың барлығы Ақмола облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуға және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Ал бұл өз кезегінде тұрғындардың денсаулығы мен әл – ауқатын жақсартуға септігін тигізеді», - деп атап өтті облыстық ішкі саясат басқармасынан.

Пікірлер