Маралдыдағы атыс неден басталған? (видео)

3618

Жақында ғана Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Жылыбұлақ ауылындағы Маралды көлінде атыс болғанын жазған болатынбыз. Жергілікті бес тұрғын жараланған. Кеуделерін резеңке оқ тескен тұрғындар дәрігерге қаралып, полицияға арыз жазған. Тұрғындарға қару қолданған сол көлді күзеткен күзет фирмасының қызметкерлері екен. Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнында полициялар да болған. Бірақ, ешкімді тұтқындамаған. "Енді тұрғындарды атқандар да, тұрғындар да жауапқа тартылатын болады" деді  Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мұратжан Шәкеров.

"Жеке меншік күзет мекемесіне қатысты қылмыстық заңның 252-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, травматикалық қару қолданғандары үшін айыпталады. Ал, өз бетінше күш қолданбақ болған жергілікті тұрғындар 389 бап бойынша жауапқа тартылады" деді полицияның орынбасары.

Маралды көлі республикадағы ерекше көлдердің қатарында. Тұзды көлдің батпағының өзі көптеген минералдарға бай, емдік қасиетке ие. Көлдегі артемия салина деп аталатын құрттың қара базардағы бағасы өте қымбат. Жергілікті тұрғындар мен инвесторлардың арасындағы төбелес пен қақтығыс осы құртқа байланысты болып тұр. Бір қызығы осы құртты аулауға байланысты ешкімге квота берілмеген. Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров айтты.Сонда көлді кім кімнен күзетіп жүр?

Атыс болатын күні күндіз Жылы бұлақ ауылының тұрғынын көлдегі күзетшілер ұстайды. Тұзды көлден  артемия ауладың деп. Тұрғын болса мойындамаған. Сосын, оны ұрып-соғып, травматикалық тапаншамен атқан. Артынан босатып, қоя береді. Кешке жақын көл басына ауыл тұрғындары жиналады. Сол жерде айқай-шу басталғанымен, төбелес болмайды. Күзетшілер болса бес жігітті атып жарақаттаған.

Ауыл тұрғындары осы көлде қалай инвесторлар пайда болды, содан бері көл басынан айқай-шу кетпеді дейді. Осыдан екі апта бұрын осы көлде ауыл тұрғындары мен күзетшілер арасында үлкен төбелес болып, полицияның араласуымен әрең басылған болатын. Бүгін Павлодарға, Маралды көліне Нұр-Сұлтаннан Ішкі істер министрлігінің арнайы өкілі барып, тексеріс жүргізуде.

 

https://www.facebook.com/100008177013860/videos/2481589072123636/

 

https://www.facebook.com/100008177013860/videos/2481589642123579/

 

https://www.facebook.com/100008177013860/videos/2481590975456779/

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket