Каспий теңізіне 19 жастағы жігіт батып кетті

887
Adyrna.kz Telegram
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Ақтау қаласының 19 жастағы тұрғыны Каспий теңізіне шомыламын деп  суға батып кетті. Ақпаратты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полицейлер мен құтқарушылар шақырту бойынша дереу оқиға орын алған теңіз жағалауына жеткен.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қайғылы оқиғаның 3 қыркүйек күні сағат 18:55-те Ақтау қаласындағы 7-А шағын ауданында болғанын хабарлады.

«Каспий теңізінің жағалауында (тереңдігі – 2 метр, жағадан – 100 метр) Төтенше жағдай жасағының күштері (9 құтқарушы, 2 техника, 1 жүзу құрылғысы және 1 ұшқышсыз ұшақ) суға батқан азаматты тауып, судан алып шықты. 2005 жылы туған Т. есімді жігіттің денесі шомылу үшін жабдықталмаған жерден табылды», - делінген ведомство хабарламасында.

 

Пікірлер