Қарағандыда 6 көлік соқтығысқан жол апатына белгілі кәсіпкер кінәлі деп танылды

1813
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/09/whatsapp-image-2024-09-03-at-12.58.36.jpeg
Жантүршігерлік жол апатына белгілі кәсіпкер Сергей Камаев кінәлі деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Кеше Қарағанды қаласында 6 көлік соқтығысып, жол апаты орын алды. Мәліметке сәйкес, адам өліміне себепкер болған Lexus жүргізушісі Қазақстандағы белгілі кәсіпкер Сергей Камаев болып шықты. Бизнесменнің кәсібі – машина жасау саласы. Қатты жылдамдықпен жүйткіген Lexus жүргізушісі өз жолағында келе жатып, алдыңғы көліктің артқы бамперіне соғылған. Салдарынан адам өлімі болды. Қарағанды ​​облысы ІІД тергеу басқармасының бастығы Азамат Ахметов бұл іс полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында екенін айтты.
Комментарии