Ұландықтар баланы ата-анасына табыстап, нашақорды ұстады

1329
Adyrna.kz Telegram

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан құрамасының сарбаздары бір күнде жоғалған баланы тауып, ер адамды есірткімен ұстады. 

2024 жылғы 1 қыркүйекте Ұлттық ұлан әскери жасағы елорданың "Алматы" ауданында қоғамдық тәртіпті қорғау бойынша жауынгерлік қызмет атқару кезінде есірткі затын тапты. 

Сарбаздар жерден электрлік таспамен оралған ораманы алуға талпынған күдікті азаматты байқады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұртай Айтбай және патрульдеуші сарбаздар Санат Тұрғымбаев пен Мәулет Жанымхан бұл туралы байланыс құралдары арқылы дереу кезекшіге баяндайды.

— Ер адам бізді көргенде, оның мінез-құлқы бірден өзгеріп, әрекеті күдік тудырды. Біз тексеру үшін одан құжаттарын ұсынуын сұрадық. Сырттай тексеру кезінде полицейлер азаматтан қара түсті, ерекше иісі бар ұнтақ пакетін тапты. Тәртіп сақшылары мән-жайды одан әрі нақтылау үшін ораманы тәркіледі, - дейді қатардағы жауынгер Нұртай Айтбай.

Ұсталған азамат одан әрі полиция бөліміне жеткізілді.

Осы күні сағат 21:30 шамасында тағы бір оқиға орын алды. Келесі бір әскери жасақ бастығы қатардағы Нұрбақ Қалабек және оның қарамағындағы патрульшілер Алмас Бексейіт пен Бексұлтан Есеннен 6 жасар баласын тауып берулерін өтініп, азаматша көмек сұрайды.

Әскери жасақ бірден баланың болжамды мәліметтерін патрульдік топ бастығына хабарлайды. Содан кейін ұландықтар жақын маңдағы патрульдік бағыттарда шұғыл іздеу шараларын ұйымдастырады. 

Әскери қызметшілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде жоғалған бала табылып, анасына қайтарылды. Азаматша өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлеріне іздеуді жедел ұйымдастырғаны және кәсіби көмектері үшін алғыс айтты.

Пікірлер