Шығыс Қазақстанда қаза тапқан 4 кеншінің аты-жөні белгілі болды

1141
Adyrna.kz Telegram
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

Шығыс Қазақстандағы шахтада қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі газдан уланып, көз жұмған 4 кеншінің деректерін жариялады. Сондай-ақ жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1984 ж. т.;
  • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
  • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Пікірлер