1 қыркүйектен бастап елімізде студенттер, магистранттар мен докторанттарға берілетін шәкіртақы мөлшері өсті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.
Премьер-министр Олжас Бектенов қаулыға шілде айында қол қойған.
Енді колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрап отыр.
Ал бакалавр студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін ұлғайды.
Медицина саласы интернатура оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.
Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15% - ға ұлғайтылды: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болды