Медицина мен білім саласы - 75 мың теңге. Шәкіртақы қанша пайызға өсті?

1840
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/42500-teңge-960x500.jpg?token=82b858b1c001a3363829ef985c8698ca
1 қыркүйектен бастап елімізде студенттер, магистранттар мен докторанттарға берілетін шәкіртақы мөлшері өсті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.  Премьер-министр Олжас Бектенов қаулыға шілде айында қол қойған.
Енді колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрап отыр. Ал бакалавр студенттерінің стипендиясы 20% – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін ұлғайды. Медицина саласы интернатура оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді. Магистранттар мен докторанттарға стипендия 15% - ға ұлғайтылды: тиісінше 107 061 теңге және 240 000 теңге болды
评论
其他材料