Белгілі фототілші Болат Омарәлиев өмірден озды

1971
Adyrna.kz Telegram

Белгілі фототілші Болат Омарәлиев 76 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды журналист Ержан Жаубай жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қазақтың фото өнеріне сүбелі үлес қосқан Болат Омарәлиев ағаның да уақыты болыпты. Алла пейіште нұрын шалқытсын!»—деп жазды ол.

Болат Шамаұлы 1948 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қоғалы ауылы, Ызакөл деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын аудандық «Сырдария» газетінде бастаған. 1969 жылдан 2014 жылдың желтоқсанына дейін облыстық «Сыр бойы» газетінде фототілшілік қызмет атқарды.  Ол Қазақстан фотожурналистикасын дамытуға көп жыл сіңірген еңбегі үшін «Фотоөнер қайраткері» медалімен марапатталды. Ресей, Польша, Украина елдерінде бірнеше рет фотокөрме өткізген.

Бұған дейін Болат Омарәлиев «Адырна» тілшісіне берген сұқбатында фотоэтюд түсіруді 17 жасынан бастап қолға алғанын айтқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер