Әнші Нұрлан Өнербаев жаңа атаққа ие болды

1963
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нұрлан Өнербаев Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Марапат Конституция күніне арналған «Айбары мықты – Ата Заң» іс-шарасында табысталды.

29 тамыз күні «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде өткен іс-шарада өңір басшысы Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, облыс жетістіктері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар тұрғындарды мерекемен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады және ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағытымыздың бірі. Еліміз бұдан әрі дамуы үшін әрбір азамат Ата заңымыздың ұстанымын қатаң сақтай отырып, еңбек ете білуі тиіс. Бұл ретте, «Еңбек адамы» бейнесін насихаттау болашақ ұрпақ үшін таптырмас үлгі болары хақ. Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін», – деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағын алғандар қатарында Түркістан облысының экс-әкімі Өмірзақ Шөкеев,  Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Қазақстан мұсылмандарының тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы бар.

Пікірлер