Алғашқы қоңырау еліміздің барлық өңірінде 1 қыркүйекте өтетін болды

1053
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Биыл 1 қыркүйекте Қазақстанның барлық мектебінде бірдей салтанатты жиын өтеді. Бұл туралы бүгін, 23 тамызда Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ресми деректерге сүйенсек, жаңа оқу жылында 345 мың  1-сынып оқушысы алғаш рет мектеп партасына отырады. Олар үшін 1 қыркүйекте «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты шара өтеді.

2 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші күні  «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында Бірыңғай сынып сағатымен басталып, әрі қарай сабақ кестесіне сәйкес жалғасады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласының білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай ӨКҚ өткен брифингте қала мектептерінде алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте өтетінін мәлімдеген еді.

Пікірлер