Қазақстандық оқушылар еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында топ жарды

1674
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар информатика пәнінен EJOI-2024 еуропалық жасөспірімдер олимпиадасында екі алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Молдовада өткен жарысқа 50 елден келген 200-ге жуық оқушы қатысты. Олимпиада екі күнге созылды.

«Қатысушылар күн сайын үш тапсырмадан орындады, әр жинақ үшін төрт сағат қана берілді. Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды:

Алтын медаль – Мансұр Мамадахунов, Қызылорда облыстық С. Шаухаманов атындағы «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Алтын медаль – Жан Анри, Алматы қаласындағы «Республикалық физика-математика мектебінің» 9-сынып оқушысы.

Күміс медаль – Исатай Исмағзи, Талдықорған қаласындағы дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

Қола медаль – Арнұр Нұрғазин, Семей қаласындағы ФМБ НЗМ-нің 8-сынып оқушысы»,—деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 20 тамызда.

Команданы дайындаған жетекшілер —Темірлан Сатылханов, ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы, Альтаир Ашуров, Назарбаев Университетінің студенті, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы EJOI-2023 олимпиадасында қазақстандық жас бағдарламашылар бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

Пікірлер