Талдықорғанша жазалау. Енді кішкентай баланы үтікпен күйдіргендер туралы дерек шықты

3407
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Жетісу облысының полицейлері кәмелетке толмаған баланы үтікпен күйдірген деген ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

БАҚ-та Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында баланы үтікпен күйдірген деген ақпаратқа тарады.

Ақпаратты алғаш болып облыстық мәслихат депутаты Ермек Егінбаев Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда Талдықорғандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында жас бүлдіршінді үтікпен күйдіргені туралы жазба жарияланды. Артынша депутат жарақат алды деген баланың әпкесімен бірге осы оңалту орталығында бір ай жатқанын білді. Орталықтағы балалардың анасы жақында қайтыс болған.

NUR.KZ порталының мәліметінше, полицияға Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмаған балаға қатыгездік көрсету оқиғасы болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен. Полиция мекеме қызметкерлерінің зорлық-зомбылық әрекеттерінен 7 жасар баланың денесінен күйік анықтағанын мәлімдеді.

“Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, бастапқы тергеу шаралары жүргізіліп, орталық қызметкерлерінен түсініктемелер алынды. Мекеме басшылығы баланы күйік шалған оқиғаның 2024 жылдың 24 шілдесінде жазатайым болғанын алға тартады. Алайда, тағылған айыптың ауырлығын ескере отырып, полиция бөлімі қосымша сараптамалар, соның ішінде сот-медициналық сараптама тағайындады. Куәгерлерден, оның ішінде орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілерінен жауап алынып жатыр", - делінген облыстық ПД таратқан хабарламада.

Пікірлер