Артында 11 баласы қалған полицейдің қазасы. Жамбыл облысындағы жол апаты жайлы тың дерек

1853
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысындағы республикалық тас жолдағы жол апатынан қаза тапқан алты адамға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Kris_p_almaty арнасы патрульдік көлікте облысқа танымал полицей – 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев болғанын жазды. Балаларының сегізі асырап алынғаны белгілі болды.

Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенованың мамандығы мұғалім, қазір үйде бала тәрбиелеп отыр. Әзербайжан, татар, қытай, өзбек, орыс, ұйғыр өсіп жатқан көп ұлтты отбасында бәрі қазақ тілінде сөйлеседі екен. 5 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірген Арыстанбаевтар отбасы "Мерейлі отбасы" байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы және республикалық кезеңнің финалисті атанған екен.

Сонымен қатар Арыстанбаев "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасының қатысушысы болды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Octavia патрульдік көлігінде болған екі полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты.

Олар: Жүргізуші Әбішкен Абылайхан Саутұлы, 05.08.1992 жылы туған, ал  жолаушы Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы, 25.04.1978 жылы өмірге келген. ⠀

Айта кетейік, Toyota Alphard автокөлігіндегі 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы 4 адам Мерке аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.⠀

  • Жолаушы Иззатуллаева Гүлчехра Икматуллақызы, 06.05.1993 ж.т., Астана қаласында тұратын. Оқиға орнында қаза болды.
  • Жүргізуші Исмаилов А.Ш. "Тізе буынының ашық сынығы" диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
  • Жолаушы Тожибаева Шахиста Камилханқызы, 02.07.1993 ж.т., тірі. Ол  "Оң жақ иық буынының жабық сынуы" диагнозымен аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
  • Жолаушы Хажиев Шахид Мухиддинқызы, 06.04.1996 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда тұр.
  • Кәмелетке толмаған жолаушы Хажиева Шахризода, 13.02.2023 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда жатыр.

Басқа зардап шеккен 3 адамның жеке мәліметтері анықталған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі патруль болғанын жазған едік. Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның "Skoda Octavia" патрульдік көлігімен соқтығысқан.

Пікірлер