Home » Жаңалықтар » Арыстық жиырмадан астам отбасы солтүстікке көшпек

Арыстық жиырмадан астам отбасы солтүстікке көшпек

Түркістан облысы Арыс қаласынан Петропавл облысына 25 жанұя көшуге ниет білдіріп отыр, — деп хабарлайды «Күнгей.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл жайлы СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев, Түркістан облысынан арнайы келген БАҚ өкілдерінің алдында мәлімдеді.

«Жыл бойы біздің аудандардан адамдар 4-5 рет оңтүстіктегі аудандарға шығып, насихат жұмыстарын жүргізді. Облыс әкімі өзі барып хабарлады. Соның арқасында 1айда 85 адам хабарласты. Ал, Арыстан 25 отбасы келуге ниет білдіріп отыр» — деді Асқар Жоламанұлы.

Сонымен қатар, журналистермен бірге солтүстік өңірлерге барған қоғам белсендісі, педагог Өмір Шыныбекұлы да өзіне Арыстан оннан астам отбасы телефон арқылы хабарласып, теріскейдегі облыстарға қалай көшуге болатынын сұрап қызығушылық танытып жатқанын жеткізді.

Айта кету қажет, түстіктен келген журналистер мен блогерлер Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен солтүстік облыстарды 4 күнненбері аралап жүр. Ондағы мақсат, СҚО, Қостанай, Ақмола облыстарына оңтүстіктен көшіп барған тұрғындардың тұрмысымен танысу, насихаттау.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

“Әліппе” қайта келеді

⠀”Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені ...