Мұзтаудың мәселесі. Министрі Путинге Қазақстан мен Ресей шекарасындағы жер дауы жайлы айтты

2465
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Решетников Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Мұзтау (Ресейдегі атауы - Белуха тауы) туралы айтты. Бұл туралы мәлімдеме  Ресей президенті Владимир Путиннің үкімет мүшелерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Бізде Қазақстанмен шекарада шешілмеген бір мәселе — Белуха тауы. Үкіметаралық келісімге қол қою керек. Өйткені тауға шығу үшін Қазақстанның аумағын пайдалану керек, ол жақта шекаралық режим бар. Бірақ бұл мәселе де біздің ерекше бақылауымызда», — деді ол.

Ол Белуха тауына қатысты шешілмеген мәселе бар екенін айтып, «қазақстандық әріптестермен бірге зерттеліп жатыр» деді.

«Жақсы. Біз оны жақсартуымыз керек. Егер сыртқы істер министрлігінен көмек керек болса, маған айтыңыз, жарай ма?», — деді Владимир Путин.

Айта кетейік, Мұзтау (Белуха) — Қазақстан мен Ресей шекарасын бөліп жатқан тау. Ол Көксу ауданы арқылы Алтай республикасы мен Шығыс Қазақстан облысының аумақтары арқылы өтеді.

Пікірлер