Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы қайтыс болды

1398
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды. Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды», - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп Kazinform тілшісіне берген жауабында.

Ол Парижге турист ретінде барған.

Айта кетсек, Ерден Рашидұлы Хайруллин 2009 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірген, 2011 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Экономика» мамандығы  бойынша  тәмамдаған  және Азаматтық авиация академиясынын авиация техникасы және технологиясының магистрі дәрежесін алған.

2012-2019 жылдары Алмалы ауданы әкімі аппаратында кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, осы бөлімнің басшысы болып қызмет атқарған.

2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

2022 жылдың мамырында Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы болып Ерден Рашидұлы Хайруллин тағайындалған

 

Пікірлер