130-дан астам ұлт пен ұлыс, 16 конфессия және 821 мың қазақ. Бүгін - Өзбекстанда халықтар достығы күні

1797
Adyrna.kz Telegram
Сурет: yuz.zu
Сурет: yuz.zu

Бүгін, 30 шілдеде Өзбекстанда халықтар достығы күні тойланып жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ел президенті Шавкат Мирзиеев отандастарын мерекемен құттықтады.

«Өзбекстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыстың, 16 конфессияның өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде 38 достық қоғамы мен 157 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Мемлекет оларды тиісті жабдықтармен, жиһаздармен, музыкалық аспаптармен және ұлттық киімдермен қамтамасыз етіп отыр. Білім беру мекемелерінде оқыту өзбек, қарақалпақ, орыс, тәжік, қазақ, қырғыз және түрікмен тілдерінде жүргізіліп жатыр»,—деді ол.

Мемлекет басшысы елдегі өзара сыйластық, келісім мен ынтымақтастық атмосферасын нығайтудың маңызды екенін айтты. Сондай-ақ жастарды жат деструктивті идеялар мен ағымдардан қорғау жұмыстарын жаңа деңгейге көтеру қажеттігін мәлімдеді.

Мерекелік күн 2021 жылы президент Шавкат Мирзиеевтің қаулысымен ресми түрде бекітілген еді.  Қазіргі таңда Өзбекстанда 821,2 мың қазақ өмір сүріп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер