Республикалық жолдардың тек 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді — министр

1445
Adyrna.kz Telegram
Сурет: crusandr.livejournal.com
Сурет: crusandr.livejournal.com

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол-көлік оқиғаларын азайту мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Халықаралық тәжірибе жол инфрақұрылымының апатқа тікелей әсері бар екенін дәлелдеді. Қазір республикалық жолдардың тек 3%-ы ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді. Осындай жолдарды жөндеген соң адам шығыны бірнеше есе азайды», — деді ол бүгін.

Министр қала сыртындағы жолдардың күрделі жағдайына да тоқталды. Айтуынша, олардың қазіргі жағдайы ауыр апаттарға әкеліп соғуда. Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша 24 мыңнан астам нұсқама берілді. Сонда да апаттар саны азаймай тұр.

Бұған қоса Ержан Сәденов шұғыл түрде 4 және одан да көп жолағы бар 6 мың шақырымнан астам жол салу қажет екенін атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер