"Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің!" Президент чемпионды телефон арқылы құттықтады

1502
Adyrna.kz Telegram

Президент Тоқаев Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтап, телефон арқылы тілдесті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады.

“Қазақтың рухын, жалпы халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше!” – деді Президент.

Одан бөлек Мемлекет басшысы спортшыны құттықтап, Х парақшасында жазба жариялады.

“Дзюдошымыз Елдос Сметовті Париждегі Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Оның шеберлігі мен қайсарлығының арқасында Қазақстанның туы биікте желбіреді. Елдос мықты қарсыластармен күресте төртжылдықтың басты додаларында топ жарып, әлемнің үздігі атанды. Сіздің жеңісіңіз – біздің бүкіл халқымыздың жеңісі!” – деп жазды Президент Х парақшасында.

Айта кетейік, Елдос Сметов 27 шілдеде Париж Олимпиадасының алғашқы күндерінен-ақ ел қоржынына алтын медаль сыйлады.

Пікірлер