"Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысына қатысты үкімнің күші жойылды

1665
Adyrna.kz Telegram

"Қазселденқорғаудың" бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевтың үкімі жойылды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Биыл 25 шілдеде Алматы облыстық соты ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшысы Қ.Көкрекбаевқа қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, қылмыстық іс бірінші сатыдағы соттың жаңа қарауына жолданды. Сонымен қатар, К. Көкрекбаев сот залында қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және сол кезде "Қазселденқорғау" басшысы болған Кәрім Көкрекбаевтың ұсталғаны туралы 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды. Сол кезде Антикор ол "пара алу кезінде" ұсталғаны туралы хабарланды. 2023 жылғы мамырда Антикорда істің қатысушыларына орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі көлемде пара алу айыпталғанын мәлімдеді.

Ал биыл 7 маусым күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қарап, аса ірі көлемде пара алды делінген Кәрім Көкірекбаевты ақтады.

Кейін прокуратура Көкірекбаевқа қатысты ақтау үкіміне күмән тудырғанын хабарладық.

Сондай-ақ, ҚР Жоғары Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Көкірекбаевтың ісі қайта  қаралуы мүмкін екенін айтқан.

Пікірлер