Байден президент сайлауына түсуден не себепті бас тартқанын айтты

1101
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенті Джо Байден президент сайлауы бәсекесінен не себепті бас тартқанын түсіндірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысы ретіндегі жетістіктерім, әлемдегі көшбасшылығым, Американың болашағы туралы көзқарасым екінші мерзімге лайық деп санаймын. Десе де,  біздің демократияны сақтап қалуға ештеңе кедергі бола алмайды. Бұл жеке амбицияларға да қатысты»,— деді ол.

Байден соңғы апталарда ел мен демократиялық партияны біріктіру керек екенін түсінгенін атап өтті. Айтуынша, алға жылжудың ең жақсы жолы - жолды жаңа ұрпаққа беру.

«Қоғамда көп жылдық тәжірибесі бар адамдар үшін уақыт пен орын бар. Мен өз лауазымымды құрметтеймін, бірақ өз елімді одан да қатты жақсы көремін. Бұл елге президент ретінде қызмет ету үлкен құрмет болды»,— деп толықтырды ол.

Еске салайық, 21 шілдеде Джо Байден демократтар атынан президенттікке кандидат ретінде өзінің вице-президенті Камала Харристі ұсынған еді.

Пікірлер