Джо Байден сайлауға қатыспайтынын жариялады

1864
Adyrna.kz Telegram

АҚШ президенттігіне кандидат, қазіргі іс басындағы басшы Джо Байден президент сайлауы додасынан шығады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Байден 21 шілдеде X желісінде шешімі туралы жариялады. Ол ел мүддесі үшін қарашада өтетін президент сайлауына түсуден бас тартқанын жазды.

81 жастағы Байден 5 қарашада өтетін президент сайлауына Демократиялық партия атынан кандидат болған еді. Елдің қазіргі президенті демократтар атынан президенттікке кандидат ретінде өзінің вице-президенті Камала Харристі президенттікке ұсынды.

Айта кетейік, Джо Байден 27 маусымда Республикашылдардан президенттікке кандидат Дональд Трамппен болған дебатта жауабынан даңылып, "жеңілген" еді.

Джо Байден бұған дейін коронавирусқа шалдыққаны туралы ақпарат тараған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер