АҚШ президенті коронавирусқа шалдықты

1150
Adyrna.kz Telegram

АҚШ басшысы Джо Байденнің коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

АҚШ президентінің жағдайы туралы 17 шілдеде, сәрсенбі күні ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер мәлімдеді.

Баспасөз хатшысы президентке негізгі әрі денсаулығын нығайтатын екпе егілгенін хабарлаған.

81 жастағы Байден Делавэр штатындағы өз үйінде карантинге жабылып, оқшауланған. Денсаулығына байланысты коронаға шалдыққан президентке АҚШ-тағы Демократиялық партияның жетекші саясаткерлері президенттік сайлаудан бас тарту туралы ұсыныс жасаған. Саясаткерлер 81 жастағы Байденнің Дональд Трамппен теке-тіресуге күші жетпейтінін, одан бөлек тағы да төрт жыл ел басқаруға әлі келмейтінін айтқан. Бірақ, Джо Байден қарашада болатын сайлауға кандидат ретінде тіркелген.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын қарашадағы президент сайлауына үміткердің бірі, АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа жас жігіт оқ атып, құлағын жарақаттаған еді. 

Пікірлер