Қазақстаннан Моңғолияға бағыт алған жолаушылар автобусы өртеніп кетті

2274
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/07/whatsapp-image-2024-07-21-at-14.58.10.jpeg
Қазақстаннан Моңғолияға аттанған автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Алтай Республикасының ТЖМ Telegram-арнасы мәлімдеді. Шу трактісі автожолының 720 шақырымында рейстік автобустың өртенгені жайлы деректер 20 шілдеде сағат 06:13-те түсті. Өртенген автобус Астана - Баян - Углий (Моңғолия) бағытымен жүрген. Салонда 50 адам болған. Оның 15 балалар, ал қалғаны ересектер.
"Сағат 06:14-те өрт орнына Оңғұдай ауылының №8 өрт сөндіру-құтқару бөлімінің өрт сөндірушілері саны 5 адам, 1 бірлік техника шықты. Сағат 07:15-те өрт сөндірілді. Автомобиль жолымен көлік қозғалысы шектелмейді. Ресей ТЖМ күшімен жолаушылар Иня ауылындағы уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді", - делінген хабарламада.
Комментарии