Диар Қонаев. Ұлы қаламгердің әрбір сөзі қазақ тарихымен бірге жасауы тиіс...

1688
Adyrna.kz Telegram
Мұхтар Әуезов пен шәкірті, рухани серігі болған Қайым Мүхамедхановтың арасындағы әдеби, ғылыми дискурс мәселелері – бүгінгі мұхтартанудың зерттелуге тиісті өзекті әрі маңызды тақырыптарының бірі.
Осы күнге дейін жарық көрмеген, өзінің жеке архивінде сақталған Қайым Мүхамедхановтың Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына қатысты қаншама тарихи құжаттар Дина Мұхамедханның «Ұстаз бен шәкірт: Мұхтар мен Қайым. Учитель и Ученик: Мухтар и Каюм (қазақ және орыс тілдерінде)» (Алматы, 2023. -336 бет, суретті) атгы еңбегінде әдеби айналымға енген. Кітаптағы Ұлы үстаз бен шәкіртінің арасындағы диалоггар уақыт сынына қарамай әлі де маңызды әрі құнды. Біз үшін Әуезовтің әрбір сөзі ҰЛТТЫҚ руханиятқа қосылған жақсы жәдігер.
Мұхтар Әуезовтің Қайым Мұхамедхановты бала кезінен баптап, өзіне ғылыми тілші етіп алып, әдебиет әлеміне әуестендіріп, ғылымға баулығаны мәлім. Олардың бәрі көзіқарақты оқырмандар үшін үздік-үздік болса да белгілі. Дегенмен, аталмыш еңбекте жарық көрген жазушының өз аузымен айтылған, шәкіртінің қолжазбасында ғана сақталган мұрағаттық материалдар, нарратологиялық мәтіндер, шығармашылық шежірелер қазіргі мүхтартану үшін үлкен олжа, ұлт руханиятына қосылған құнды дүниелер.
1930 жылдардың аяғында Абай мұрасы, оның шәкірттері мен ізбасарларынын шығармаларына жойылып кету каупі туып, ақын сөздері бұрмаланып, шығармалары ғылыми тұрғыдан зерттелмей, колжазбалары мен жеке заттары жоғалып, өмірінін куәгері болған қариялар қатары сиреп бара жатқанын сезген ұлы суреткер Мұхтар Әуезов шәкірті Кайым Мұхамедхановқа қолқа салып, нақты тапсырмалар берген. Ең бастысы, қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы Абай Құнанбаевтың жиналмай жатқан әдеби мұраларын ел ішінен жинау, жариялау жұмыстарын қолға алу үшін: «Абайдың тұңғыш мұражайын ашуға негіз қалауды, Абай шәкірттері мен ізбасарларының мектебін құруды және сақтауды, ойшыл-ақынның құнды сөздерін текстологиялық талдау әдісімен сақтап қалу» керектігін тапсырады.
1940 жылы М. Әуезовтін тікелей жетекшілігімен ақьн мұражайына лайықгы алғашқы ғимарат таңдалып, Ленинградтан келген кәсіби маман Борис Аккерманмен бірге Абай ауылын аралағанда 500-дей жәдігер табылган екен. Оларға ғылыми сипаттама беріліп, мұражай үшін тұңғыш «жолбасшы» құрал жазылып, нақты жұмыстар жүргізіле бастады. Бұл шын мәніндегі рұхани құбылыс еді. («Памятка для посетителей музея Абая. Литературно-мемриальный Музей Абая». Алматы, 1960 г.).
Абайдың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысы бар ерекше құнды қолжазбаларды, мұрағаттық, фольклорлық материалдарды жинақтап, жеке шығармашылық тұлғаға арналған қазақ руханиятындағы алғашқы мемлекеттік музейдің ұйымдастырушы әрі басшысы болған Қ. Мұхамедхановқа ұстазы үнемі бағыт-бағдар беріп отырған. Қазақ мәдениетінде ерекше тарихи орны бар мұражайдың негізін қалаған бірден-бір маман Қайымньщ ғана басқаруға моралдық құқығы барлығын айтып, демеп, қолдау мен қамқорлық көрсеткен. Осы тақырып төңірегіндегі Ұстаз бен шәкірттің бірнеше қолжазба қорына айналған папкаларындағы ресми емес ақпараттар мен түпнұсқа жазбаларын жанкештілікпен зерделеп, мұқият жүйелеген автор ақынның әрбір мерейтойына қатысты құнды қолжазбаларды, іссапарлар туралы куәліктерді тізіп келтіре отырып, екі ұлы тұлғаның еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды.
Сол арқылы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тікелей қатысы бар ерекше құнды қолжазбаларды, мұрағаттық, фольклорлык материалдарды жүйелеп, жариялап, ғылыми айналымға ендірген. Осы ретте ол әкесі Қайымньң: «Материалдар жоқ, экспонатгар жоқ. Музейді қалай құру керек?» деген сауалына орай Мұхтар Әуезовтің ерекше бағыт-бағдар беріп отырғанын еске алады.
1940 жылы Абай музейін кұру туралы үкімет қаулысына сәйкес шұғыл шаруалар жүргізіліп, жанкештілікпен Б.Аккерман, фотограф Долгунин үшеуі күн-түн демей сапарға шығып, шалғай ауылдағы ақынның замандастарымен кездесіп, естеліктерін, ол тұтынған заттарды жинап, құнды қолжазбаларды қолмен жазып алғаны жөнінде қаншама құнды тарихи деректер келтірілген еңбекте. 24 жасында республикамыздағы жеке шығармашылық тұлғаға арналған мұражайда тұнғыш рет экскурсия жүргізген Қайым Мұхамедхановтын қайраткерлік қайсарлығы мен білім-қабілеті архивтік жазбалар арқылы дәріптеледі. Мұражайда Қайым Мұхамедхановтың бастамасымен Абай университеті ашылып, оның тұрақты ректоры болуы да бұгінгі жастарға үлгі болса керек.
«Абай ұлдарымен, бір суреттің тарихы» деген тарауда 1941 жылы Қайымға Мұхтар Әуезов «Абайдың қасиетті тарихи фотосы» деп, Абайдың балалары - Ақылбаймен және Тұрағұлмен түскен суретін көрсетеді.Ұстаз бен шәкірт арасында осы кездесуде өрбіген екеуара диалог та бұтінгі мұхтартану үшін тың дүниелер.
Диалогта абайтану мен мұхтартану мамандары үшін қаншама кұнды тарихи деректер бар.
Осындай ойлы естеліктердің бірі шәкірттің наратологиялық мәтіні арқылы беріледі: «...1939 жылы Қазақстан жазушыларының екінші сиезіне делегат болып Алматыға келдім. Сиез жұмысы 21 июнь (маусым) күні басталып, жеті күнге созылды. Сиездің 23 июнь күнгі кешкі мәжілісі Абайдың дүниеден қайтқанына 35 жыл толған күнің еске алуға арналған еді. Ақының өмірі мен шығармашылығы туралы Мұхтар Әуезов қазақша және орысша екі тілде баяндама жасады. Сиезден соң Мұханың ұйінде 4-5 күндей болдым. Бұл жолы құр қол келгем жоқ. Көкбайдың оншақты өлеңін, «Сабалақ» атты Аблайхан туралы дастанын және Әріп ақынның көп өлеңін ала келген едім. Мұхан бұрын таныс емес екен. Бірге оқып шықтық. Мұхан қатты риза болып, көңілденіп «Бәрекелді, міне, жақсы жұмыс бастапсын. Осы бетімен жинай бер.
Абай шәкірттерінің шығармаларын біршама жинақтап алған соң, олардың өмірбаянын жазып, шығармаларына әдеби талдау жасау қажет. Сенің бұл енбегің түбінде - «Абай мектебі», дәлірек айтқанда, «Абайдың әдебиеттік мектебі» деп аталуы керек», – деді. Кітапта бір бұл емес, М.Әуезовтің жетекшілігімен ұзақ жылдар бойы ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізген шәкірттің шабытына ие бола алмай айтатын нарратологиялық естеліктері шаш-етектен екендігі де сөзсіз. Автордың айтуынша, олардың бәрін, әрине, бір кітап көлеміне сыйдыру мүмкін де емес. Құнды қолжазба қорының алтын қазынасының аузы әлі толық ашылмаған сыңайлы. Мүмкін олар келешектің еншісіндегі жұмыстар болса керек.
Туындының өн бойында желісін үзбей жалғасып келе жатқан ұстаз бен шәкірттің диалогын автор нақты мәтіндермен, архивтік құжаттармен толықтырып, өз сөзін нақты мысалдармен дәйектеп, дәлелді келтіреді. Қайымньщ жеке мұрағатындағы жазбалар, түртпе тіркестер, оқшау ойлар, үзік-үзік түскен жазбалар әлі зерттелер, жариялануға тиісті қолжазбалар қоры бар екендігінен ақларат береді. Бұрындары жарияланбаған екі тарихи тұлғаньщ сұхбатынан сыздықгатып сыр тарта отырып, М.Әуезовтің айтқан әрбір ескертпелерін еске ала отырып, бүгінгі күн талабы тұрғысынан интерпретациялайды.
Осындай диалогтар негізінде туындаған әдеби деректер Қайым қолжазбаларындағы Әуезов әлемін жана бір қырынан тануға болатынын, ондағы жазушы мұраларына түскеи текстологиялык түзетулер, белгілер, жазбалар мұхтартануды тын мәліметтермен, жаңа акпарат ағынымен таныстыратынын, оның гылыми-шығармашылық өмірбаянын қордаландыра түсетінін танытады.
Өз істері мен ұстанымдарына сенген, максат-мұраттарына, тақырыптарына, мамандықтарына адал тұлғалар қандай қиындықта да бір-біріне қолдау көрсетіп, рухани медет бола білген.
Жалпы, «Ұстаз бен шәкірт:
Мұхтар мен Қайым» атты бұл енбек «ұлы каламғердін колынан шыққан әрбір сөз қазақ тарихымен бірге жасауы тиіс» қағидасын тұжырымдауымен де құнды.
Диар ҚОНАЕВ, «Әуезов үйі» жетекшесі.
«Алматы ақшамы» газеті. 16 шілде, 2024 ж.
Пікірлер