Енесінің қорлығына төзе алмаған келін көпірден секіріп кетті

3926
Adyrna.kz Telegram

46 жастағы әйелге адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген айып тағылып отыр

Тәжікстанда енесінің қорлығына төзе алмаған келін өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлады Тәжікстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

46 жастағы әйел баласы үйленгелі келініне күн көрсетпеген. Ол бір жыл бойы қызды кемсітіп, қорлап келген.

"Әйел келінінің намысына тиіп, қатыгездік танытқан. Мұндайға төзе алмаған келіншек өз-өзіне қол жұмсаудан басқа шешім таппаған", - деп жазылған хабарламада.

Келіншек үйден шығып, көпірден өзенге секіріп кеткен. Алайда өтіп бара жатқан адам құтқарып алыпты. Енесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Пікірлер