Ғабидолланы кетіру кімге керек болды?!

4598
Adyrna.kz Telegram

«.. қазір ең бастысы - халық пен билік арасындағы диалог... Өкінішке қарай, ол мұны жеткілікті түрде түсінбеді» деп түсіндіріпті Ғабидолланың кету себебін.

Меніңше, жақсылы-жаманды халықпен "халықтық" диалог жасауға тырысып жүрген Ғабидолла еді. Диалог жасаудан бұрын жалпы, қателесуден қорықпайтын еді. Иә, біраз жерде "әдеби ляптары" жоқ емес. Оның үстіне, ол  саяси карьераң да тұманды болар Лондонның емес, Шымкенттің әкімі ғой. Біздің елде әлі саяси шешендік деген атымен жоқ қой. Ал, үндемегендіктерінен үйдей комментарийден құтылған күйі атын естімеген қаншама әкім жүр бұл елде. Әкім болған соң сөздерін де өздерін де талқылайды, әжуалайды, қуалайды, ұрсады. Кейбірін іштей жақсы көреді. Ашық қоғам сондай емес пе? Халық махаббаты деген тым құбылмалы ғой. Бір сәтте сүйіп, келер күн ұнатпай отырады. Тағы үш күннен соң, дым болмағандай мақтап отырады жұрт. Бірақ, Ғабидолланы ұнатпаймын деген Шымкенттік кемде-кем. Ғабидолланың кезінде Шымкенттің шынымен жастар қаласы деген эпостасы ашылды. Қаланың имиджі керемет көтерілді. Сол жұмыстар нәтижесінде бұрындары басқа жақтың адамдарының ойындағы провинциал менталитеттегі қаладан, заманға сай көпшіліктен көш ілгері дамып жатқан қалаға айналды. Бұрындары жұрт Шымкентке келуге қорқатын. Қазір ешкімнің қорқып, я тұрғындарын "Шымкенттік" деп бөліп жатқанын көріп жүргем жоқ. Ғабидолла қала өміріне, тұрғындарына трендтер бере білді. Жұмыс та тоқтап қалған жоқ, меніңше. Шымкенттен Ғабидолла бірінші рет кетіп, келгенге дейінгі әкім ешкімнің есінде жоқ. Жалпы, Шымкентте болған Ғабидолладан басқа әкімдердің аты көбінің есінде жоқ. Болған ба еді, өзі? Ғабидолла біздің өз Ғайса Мәсіхіміз. Римдіктердің біздің Ғайсаны қудалауға қақы жоқ. Өз Ғайсамызды тек өзіміз қалаған уақытта өлтіреміз. Может и өлтірмейміз. Өзіміз білеміз.

Жалпы, білмедім, өзім үшін Ғабидолланы кетіру қате қадам боп көрінді. Шымкентке өзі сияқты динамикаға толы әкім керек. Әйтпесе, біз зерігіп кетеміз. Ал, Шымкенттіктер зеріге бастасақ, жағдай оңай болмайды. Римдіктер осыны ескеруі керек.

Қысқасы,  "Ұшар Һолландер" кемесіне өз капитанын қайтарыңдар!

 

Садық ШЕРІМБЕК

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер