«Саяси риторика қыза түсті. Оны салқындататын уақыт келді»

1925
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/02/bajden-960x500.jpg?token=15dcffda4b715db4b98bddc869a6006d
АҚШ президенті Джо Байден президенттікке кандидат Дональд Трамптқа жасалған қастандық әрекетіне байланысты Америка халқына үндеу жасады. Ол америкалықтарды саясаттағы зорлық-зомбылықтан бас тартуға шақырды. Бұл туралы ВВС жариялады, деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы. 
«Біз саясатымызда температураны төмендетуіміз керек. Мұндай зорлық-зомбылықтың нормаға айналуына жол берілмеуі тиіс. Еліміздегі саяси риторика өте қыза түсті. Оны салқындататын уақыт келді. Мұны істеу – бәріміздің жауапкершілігіміз», - деді Байден.
Сондай-ақ, ол саясат «бейбіт пікірталас алаңы» болуы керек екенін және зорлық-зомбылық ешқашан жауап бола алмайтынын айтты. Президент Трампқа тезірек сауығып кетуін тілеп, митингі кезінде оның отбасы мүшелерін оқтан қорғаған 50 жастағы Кори Комператорені батыр деп атады. Айта кетсек, бұл - Байденнің президенттік кезеңдегі Сопақша кабинеттен жасаған үшінші үндеуі. Мұндай сөз сөйлеу салыстырмалы түрде сирек өтіп, әдетте ең маңызды оқиғаларға арналады. Байден бұған дейінгі үндеуін өткен жылдың қазан айында ХАМАС-тың Израильге шабуылынан кейін жасаған. Бұған дейін ол 2023 жылдың маусымында АҚШ Конгресінен америкалық қарыз шегін ұлғайтуға рұқсат беруді талап ету үшін ұлтқа үндеу жасады. Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-тың Пенсильвания штатында сайлауалды акциясы кезінде Дональд Трампқа қастандық жасалған болатын. Сенбі күні бұрынғы президент Дональд Трампты өлтірмек болған адамның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ саясаткері Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді.
Комментарии