Білім грантына өтініш берудің бірінші күні 14 мыңға жуық құжат қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Жас түлектер мен ата-аналар алғашқы күннен бастап білім беру грантына жаппай өтінім бере бастаған. Құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылып жатыр.
Ғылым және жоғары білім министрлігі құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болатынын мәлімдеді.
"Отандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық пен кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады", – делінген министрлік мәлімдемесінде.