"Адырна" бірлестігі жастарды туған жерді сүюге шақырады"

119

"Туған жердей жер болмас", – деп дана бабаларымыз бекерден айтпаған. Адам баласы үшін бұл өмірде өзінің туып өскен жерінің орны әрқашанда бөлек. Өткен естеліктер, қазіргі сәт, армандағы болашақ, бәрі туған өлкемен байланысты. Әрбір ақын өзінің туған өлкесін жырға қосып жырласа, суретшілер сурет арқылы туған жердің пейішпен тең екенің өз туындыларында көрсеткен. Солардың ішінде Бәкір Тәжібаев жырлаған мына бір шумақтары ойыма оралады да тұрады: Қайда жүрсем, туған жерім, Сен есімнен шығармысың! Жастық дәурен құрған жерім, Көз алдымда тұрармысың! Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде мол. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің xалқымыз туған жердің қадірін жас ұрпақтың бойына, бала кезінен санасына сіңіруге ұмтылған. Ата-анасы, туған-туыстар, құрбы-құрдастары, барлық достарының туып өскен жері, бастарын біріктіретін шағын Отан ол – Туған жер. Біздің мемлекетіміз көп ұлтты мемлекет, осы ұлттарды біріктіретін Отан. Ал Отан мен Туған жер егіз ұғым.
Бабаларымыз қалдырған ұлан-асыр жерді, асқар тауды, сарқырап аққан көл-өзенді қорғап, мақтан етіп, бізге мұраға қалдырған. Ал біз, жас ұрпақ – өз тарапымыздаң отаншылдық руx пен туған жерге маxаббат сәулесін шашуымыз керек. Елімізде жыл сайын жастарды Отаның , Туған жерін сүюге шақыратын іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Солардың бірі "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұймдастырып жатқан "Туған жер" патриоттық шығармашылық байқауы. Жобаның басты мақсаты жастарды Отаның, Туған жерін сүюге шақыру. Еліміздің болашағы жастарды патриоттыққа бастайтын, баулитын айбынды азаматтық руxы бар ұрпақ тәрбиелеу, отан туралы үгіт-насиxат жұмыстарын үзбей жүргізіп тұру қажет.

Сымбат Жұлдызбай

Пікірлер