"Пойыздағы зорлық" бір бизнесменнің ойдан шығарған ертегісі ғана

6946
Adyrna.kz Telegram

Соңғы кездері қоғамдағы ең маңызды жаңалықтың бірі тальгода зорланған әйел тағдыры. Бірден іске көшейік. Оқиға қалай болып еді өзі? Жапа шегуші жалғыздан жалғыз жолаушылар вагонындағы жеке бөлмеде отырады. Сол сәтте көктен түскендей белгісіз азамат келіп, әйелді жыныстық қатынасқа итермелейді, дұрысы кәдімгідей қоғамдық орында зорлайды. Оған әйел ешкімді көмекке шақырмайды, айқайға баспайды. Айқайлай салса, пойыздағы жүздеген адамның бірі жетіп келер еді. Соған қарағанда қарсылық көрсетпеді ме деп те ойлап қаласын. Жә, бұл жәй ғана ой ғой. Ең сорақысы, біріншісінен кейін екіншісі іске көшеді. Түсінген жанға бұл Теңіздегі араб пен қазақ қызының оқиғасынан да ауыр дүние.
Иә, екі бірдей еркектің астында қалған жолаушы әйелдің жай-күйі жақсы болмауы керек. Құдай бетін ары қылсын әрине, бірақ бұндай оқиғадан кейін ар-ұятын жалау еткен кез келген нәзік жанды әдетте өмірмен біржола қоштасады. Яки ауыр күйзелісті бастан кешіп, есінен адасып қалады. Немесе "қайсар" әйелдердің қатарынан болса, қасқайған күйі істі соңына дейін жеткізіп, қос бірдей опасызды кем дегенде 10 жылға тоғытуға әрекет ететін еді. Қарапайым базаршы емес, қоғамның зиялы азаматшасы, білдей бір ғылым докторы болған соң осы әрекетті зорлық-зомбылық көрген әйелден ел болып, жұрт болып жанымызды салып күттік. Өкінішке орай, күткен үмітіміз ақталмады. Қос бірдей жәбір көрсетуші екі жарым-ақ жылды арқалап, тайраңдап кете барды. Ал зорланған әйелдің ауруханада екі-ақ күн жатып, қашып кеткені тағы да сенімге селкеу түсірді. Жарайды, зорлық көрген азаматшаға әлгілер қомақты қаражат ұсынды, ал әйел оны қалтаға басып алып, үйінде жатыр делік. Бірақ уыз ар, өр намыс үшін, бүкіл қазақ қыздарының үркек ұяты үшін істі соңына дейін жеткізіп, екеуіне пәлен жыл арқалатса, моральды шығын деп көптеу ақша өндіріп алуға болатын еді. Осы жерде жәбірленушінің "есептеуіші" дұрыс істемей қалыпты, ә?! Жо, жоқ біз әйелді кінәлаудан аулақпыз. Тек бір маңызды дүниенің шетін шығарғымыз келіп тұр. Осыдан үш ай бұрын, бүкіл пойыз біткен жиналыстан көз ашпай,  өзекті мәселені қайта-қайта қозғап, үлкен сүзгіден өткізіпті. Жолсеріктерді әбден шаршатқан бұл жиналыс жоғарыдағы "жыныс" мәселесіне тікелей қатысты екен. Мәселе: ер адам мен әйел адамдардың пойыздары бөлек болуы туралы. Осы күнге дейін "бөлек пойыз" мәселесі қанша айтсан да ақылға қонымсыз, санаға нанымсыз болып көрінген. Естіген адамның күлкісі келерліктей еді. Әйткенмен соңғы болған "пойыздағы зорлық" оқиғасы әйел адамдар мен ерлердің бөлек жатқаны дұрыс екенін "әдемі" дәлелдеп берді. Осы орайда ойға былтырғы мысқылға айналған "автокресло" мәселесі де еріксіз оралады. Оны қайта қажап қайтеміз, әйтеуір шешімі балалар автокреслосы күрт қымбаттап, тапшы затқа айналғанмен аяқталған. Автокреслоның сара жолымен келе жатқан, пойыздағы зорлық мәселесінің соңы жолдың у-дай қымбаттауына апара жатқандай. Демек пойыздағы зорлық -  пойыз саласындағы бір бизнесменнің ойдан шығарған ертегісі ғана секілді. Себебі тіршілік үшін күрестің, бәсекелестіктің қызған шағында осындай қоғамда шу туғызып, жобанды жүзеге асырып тұрмасан да болмайды. Күтіңіздер, халайық!  Тағы бір қымбатшылықтың салқын лебін сезгелі тұрмыз.

Ақгүл АЙДАРБЕКОВА
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер